This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Орынды кеңес
B2 - Upper Intermediate · 95 words

Орынды кеңес

Audio player
0:00 --:--
Үлкен кәсіпорынның басшысы өзінің бір қызметкерімен ұзақ уақыт келісе алмай жүрді. Қызметкер де ренжіп, басшысымен ашық таласа бастады. Бір күні басшы Қапазға келіп: – Сіз біздің ағамызсыз ғой. Ол адаммен келісе алмай жүрмін. Онымен сөйлесіп, бізге көмектессеңіз екен, - деді. Қапаз: – Ол мені тыңдаса жақсы. Бірақ алдымен бір сұраққа жауап бер: екеуіңнің қайсысың бастықсың? - деді. – Мен бастықпын. – Онда алдымен өзің ойлан да, одан кешірім сұра. Бастық адам өз ісіне жауап бере білуі керек, - деді Қапаз. Басшы алғашында кешірім сұрауға намыстанды. Біраз уақыттан кейін дауды өзі бастағанын түсініп, қызметкерден кешірім сұрады.