This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Сал
A2 - Elementary · 112 words

Сал

Audio player
0:00 --:--
Бұрын сал деген атқа ие жас жігіттер болған. Сал көбіне бай отбасынан шыққан. Ол достарымен ауыл аралап жүрген. Ол қымбат, ерекше киім киген. Сал өнерлі адам болған. Егер адамдар сал секілді киінсе, ол басқа киім таңдаған. Сал ауылға келіп, аттан түсіп, жерде жатқан. Қыздар оны көтеріп, үйге кіргізген. Оның киімінен ақша, шай және басқа заттар түскен. Қыздар сол заттарды жинаған. Қыздар салдың атын да қараған. Біреу салдан бір нәрсе сұраса, сал оны берген. Ауылдың қыздары оған тамақ дайындап, тамақ берген. Ол өз бетінше тамақ ішпеген. Қыздар салмен бірге басқа ауылға дейін барған. Басқа ауылдың қыздары да оларды қарсы алған. Осылайша сал ауыл аралап, адамдармен кездескен. Адамдар да оны үнемі жақсы қарсы алған.