This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Суайт Тазша
A1 - Beginner · 127 words

Суайт Тазша

Audio player
0:00 --:--
Ертеде бір хан болды. Оның бір қызы бар еді. Хан адамдарға: «Маған қырық өтірік әңгіме айтыңдар. Мен жақсы айтқан адамға қызымды беремін. Бірақ әңгімеде бір шын сөз бар болса, оны өлтіремін», - дейді. Көп адам келді, бірақ олар қорықты. Бір күні Тазша бала ханға келді де, әңгіме айта бастады. «Мен кішкентай кезімде атамның жылқысын бақтым. Жазда көлдің суы мұз болды. Мен мұзды басыммен жардым. Кейін бір жылқым алыс жерде болды. Мен теңізде жаяу жүрдім. Оны алып келдім. Бір күні қоян көрдім. Оның етін пісірдім. Майын етігіме жақтым. Түнде бір етігім жоқ болды. Мен оны көп күн іздедім. Кейін бір жерге келдім. Онда көп адам тамақ жеп отырды. Сол жерде етігімді көрдім. Ол адамдарға тамақ беріп жүрді», - деді. Хан әңгімеден шын сөз таппады. Сондықтан қызын Тазшаға берді.