Ертеде бір хан елге хабар береді: «Кім маған қырық өтірік әңгіме айтса, қызымды беремін. Егер әңгімесінде бір шын сөз болса, оны өлтіремін», - дейді.
Көп адам келді, бірақ ешкім қырық әңгімені толық айтпады. Кейбір адамдар қорқып, ханның алдына кірмеді. Ақырында он жастағы Тазша келіп, әңгімесін бастады.
«Мен кішкентай кезімде атамның жылқысын бақтым. Жаздың ыстық күнінде көлдің суы қалың мұз болды. Мен мұзды қолыммен жара алмадым, сондықтан басыммен ұрып жардым.
Бір жылқым алыс аралда жүр екен. Пышағым қайық сияқты болды. Мен теңізден өтіп, жылқыны алып қайттым.
Кейін қоян ұстап, оның етін пісірдім. Маймен етігімді майладым, бірақ бір етікке ғана жетті. Түнде екінші етігім жоғалды. Мен оны көп күн іздедім. Бір күні көп адам бар жерге келдім. Сол жерде етігімді көрдім. Ол адамдарға тамақ беріп жүр екен.
Тазша осындай әңгімелерін жалғастырды. Хан оның әңгімесінен шын сөз таппады. Сондықтан қызын Тазшаға берді.