Бір хан қатты ауырып қалады. Ол елін жинап:
Күндіз де түнде де ұйқы жоқ. Маған қандай ем бар? - деп сұрайды.
Көптің ішінен біреуі:
Сырқатыңның емін таптым, мен айтқандай орындасаң, жазыласың, орындамасаң, сырқатыңның беті жаман, өлесің, - дейді.
Хан көнген соң әлгі адам:
Көз жасымен денеңді сүрт. Бірақ әр адамның неге жылағанын сұрап, жазып отыр, - дейді.
Хан жылап жүрген бір шалды шақырады.
Неге жылайсың? - деп сұрайды.
Шал:
Хан менің еңбегімді алды, малымды алды. Сондықтан жылаймын, - дейді.
Содан соң хан бір әйелден сұрайды.
Әйел:
Хан бізге тыныштық бермейді. Күйеуім де, өзім де көп қиналдық, - дейді.
Хан бір баладан да сұрайды.
Бала:
Егер хан әділетсіз болса, халық жылайды. Халықты жәбірлей берсең, ауруыңа ем табылмайды, - дейді.
Сөйтіп, хан бірнеше жүздеген адамдардың көз жасын сұрап алады, қайсысынан сұраса да, көз жасының көл болу себебі ханның өзінің жауыздығынан екен
"Көздің жасымен денеңді сүрт" деген адамның айтқаны "Өз жауыздығыңды өз құлағыңмен естісін" деп айтылған ем екендігін түсініп, қатты ұялады.