This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Екі дүние – екі әдебиет
A2 - Elementary · 119 words

Екі дүние – екі әдебиет

Audio player
0:00 --:--
Лев Толстой – әлемге танымал орыс жазушысы. Ол сексен жаста еді. Ол қартайды. Чехов: – Толстой қайтыс болса, әдебиет әлсіз болады, – деді И. Бунинге. Оның ойынша, әртүрлі жаңа бағыттар әдебиетке қиындық әкеледі. Кейін Толстой қайтыс болды. Бірақ орыс әдебиеті жоғалған жоқ. Жаңа заман келген соң әдебиет те басқа болып өзгерді. Қазақ әдебиетінде де үлкен шығармалар пайда болды. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» әлем әдебиетіне қосылған үлкен еңбек деп аталады. Батыс әдебиетіне Гете, Гейне, Бальзак, Диккенс сияқты жазушылар болған. Кейінгі жазушылар осылар сияқты жақсы жаза ала ма?! Бұл сұраққа жауап іздеу керек. Хемингуэй өз елінде үлкен жазушылар жоқ десе, Дальберг: «Әдебиет нашарлап кетті», – дейді. Синклер Льюис: жазушы елді тек жақсы жағынан көрсету керек,сонда оны жақсы көреді – деп түсіндіреді.