Бір күні Алдар көсе мен Шайтан жолға шығады. Олар кезек-кезек бір-бірін арқалауға келіседі. Бірінші Шайтан Алдар көсені арқалайды. Ол: «Менің әләләйім бітеді. Содан кейін мен сені арқалаймын», – дейді. Шайтан Алдар көсені ұзақ уақыт арқалап жүреді. Ол қатты шаршайды. Шайтан: «Әләләйің қашан бітеді?» – деп сұрайды. Алдар көсе: «Әләләйім бітеді, сосын бүләләйім басталады», – дейді. Сол уақытта Шайтан оны арқасынан түсіреді. Содан кейін қашып кетеді.
Бір күні олар екінші рет кездеседі. Шайтан: «Сен неден қорқасың?» – деп сұрайды. Алдар көсе: «Мен майдан, құрттан және сөктен қорқамын», – дейді. «Шайтан, сен неден қорқасың», – деп сұрайды Алдар көсе. Ол: «Оттан қорқамын», – дейді. Сосын Шайтан Алдар көсенің қасына май, құрт, сөк апарып қояды. Алдар көсе оларды жеп алады. Содан кейін Шайтанның қасына от қояды. Шайтан оттан қорқады және қашып кетеді. Алдар көсе Шайтанды алдап жеңеді.