This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Әңгелек
A1 - Beginner · 114 words

Әңгелек

Audio player
0:00 --:--
Демалыс басталды. Біз күнде ойнаймыз, суға шомыламыз. Тек Қәдеш жоқ, ол қалада. Бір айдан кейін ол ауылға келді. Қаладан кітаптар әкелді. Ол хайуанаттар бағында арыстанды, аюды, маймылды көріпті. Ол бізге бәрін айтты. Біз оны тыңдадық. Ол қаладан кішкентай қара мылтық әкелді. Қәдеш мылтығын бізге көрсетті. Бізге мылтық қатты ұнады. Мылтықпен ойнағым келді. Біз мылтықпен шымшық аттық. Бір күні Қәдеш екеуіміз Сәли атаның бақшасына бардық. Бақшада қауын көп. Қәдеш маған: «Бір қауын әкел. Мылтықты бір күнге саған беремін», - деді. Мен бақшаға кірдім. Қауынды алдым да, Қәдешке бердім. Келесі күні мылтық менде болды. Мен онмен таңнан кешке дейін ойнадым. Ауылдың балалары менімен бірге жүрді. Мен қатты қуандым. Кешке Қәдеш мылтығын алды. Мен мылтықты тағы сұрадым.