This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Әңгелек
A2 - Elementary · 163 words

Әңгелек

Audio player
0:00 --:--
Демалыстың бір айы өтті. Күнде ауылдағы балалармен бірге ойнамыз, суға түсеміз. Тек Қәдеш ауылда жоқ еді, ол қалада. Бір айдан кейін Қәдеш ауылға келді. Ол қаладан бірнеше кітап әкелді. Қалада көп қызық көргенін айтты. Біз оны қызығып тыңдадық. Қәдеш қаладағы үлкен орындар, хайуанаттар бағы туралы айтты. Ол хайуанаттар бағында арыстанды, аюды, маймылды көріпті. Бірақ бізге оның кішкентай қара мылтығы ұнады. Қәдеш оны бізге көрсетіп, бір рет ұстауға берді. Маған мылтық қатты ұнады. Мен мылтықты тағы сұрадым. Бір күні біз ауылдың сыртына шықтық. Сәли атаның бақшасына жақын келдік. Бақшада қауын көп еді. – Қәдеш, Сәли ата ұрсады, - дедім. Бірақ Қәдеш маған мылтығын беріп: – Бір қауын әкел, мылтықты ертең күні бойы саған беремін, - деді. Мен біраз қорықтым. Бірақ мылтықты да алғым келеді. Мен бақшаға кірдім. Бір әңгелекті ақырын алып, Қәдешке бердім. Келесі күні Қәдеш мылтығын маған берді. Мен күні бойы қуанып жүрдім. Басқа балалар да менімен бірге жүрді. Олар мылтыққа қызығып қарады. Кешке Қәдеш мылтығын алды. Мен оны тағы бір күнге сұрадым.