This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Әңгелек
B1 - Intermediate · 180 words

Әңгелек

Audio player
0:00 --:--
Жазғы демалыс басталғалы біраз уақыт өтті. Мен ауылдағы балалармен күнде ойнаймын, суға шомыламыз. Қәдеш қана жоқ, ол қалада. Бір айдан кейін ол ауылға қайтып келді. Қаладан бірнеше кітап әкеліп, көрген қызықтарын айтты. Біз оның әңгімесін қызығып тыңдадық. Бірақ бізге бәрінен де Қәдештің кішкентай қара мылтығы ұнады. Қәдеш бізге бір реттен атуға рұқсат берді. Мен мылтыққа қатты қызығып, тағы атқым келді. Қәдеш кейде құс атуға шыққанда, мен де қасына еріп жүрдім. Бір күні екеуіміз ойнап жүріп ауыл шетіне шығып кетіппіз. Сөйтіп жүріп Сәли атаның бақшасының шетіне келдік. Онда қауын көп еді. Қәдеш сарғайып келе жатқан қауындарды көргенде тоқтап қалды. – Қәдеш, Сәли ата көрсе, ұрысады, - дедім. Бірақ Қәдеш маған мылтығын беріп: – Бір қауын әкел, мылтықты саған бір күнге беремін, - деді. Мен мылтықпен қатты ойнағым келді. Мен жерге жатып, бір қауынға қолымды создым да үзіп алдым. Қауынды Қәдешке бердім. Қәдеш келесі күні мылтығын маған берді. Мен күні бойы оны қолымнан тастамадым. Ауылдың басқа балалары да менің қасымнан кетпей жүрді. Өзімді өте бақытты сезіндім. Кешке мылтықты Қәдешке беру керек болды. Мен тағы бір күн мылтықпен ойнағым келіп, одан тағы сұрадым.