Мамыр айы еді. Жігіттер жұмыстан ауылға бара жатты. Күн өте ыстық. Олар терезеден далаға қарады. Жол бойында үй де, мал да аз. Кейбір адамдар далада жұмыс істеп жүр.
Пойыз бір жерге келді. Әйелдер айран, сүт және қымыз сатып отыр.
– Қымыз алыңыз,-деді біреуі. Сол кезде бір шал қасыма келіп:
– Шырағым, қайдан келесің?
– Қызылордадан,-дедім.
– Қандай жаңалық бар?
– Еш жаңалық жоқ.
– Біздің жақта жастарды әскерге үйретіп жатыр. Ол туралы не білесің?
Мен ол туралы түсіндіріп бердім. Шал:
– Еее, бәсе, солай шығар,-деп әңгімесін жалғастырды.
Касса алдында адам көп, билет жоқ. Олар ренжулі. Неге билет сатылмайды? деп ойладым. Пойызда бос орындар болды, бірақ кей адамдар билет ала алмады. Бұл дұрыс емес қой.
Пойыз жүрді. Тағы ұзақ жол. Дала, шексіз дала.