This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Қожанасыр туралы әзіл
B1 - Intermediate · 115 words

Қожанасыр туралы әзіл

Audio player
0:00 --:--
Бір күні Қожанасыр досының үйіне қонаққа келіпті. Қайтайын деп жатқанда, жаңбыр қатты жауыпты. Досы: – Қожеке, біздің үйде қалыңыз. Жаңбырдың астында қаласыз, – дейді. Қожекең келіседі де, сыртта жаңбырға қарап тұрады. Досы үйіне кіріп кетеді. Біраздан соң сыртқа шықса, Қожекеңнің үсті су болып, қайтып келе жатыр екен. Досы: – Қайда барып келдіңіз? – депті. Қожанасыр: – Үйге барып, бәйбішеме сенің үйіңде түнеймін деп айтып келдім, – депті. Сөздік: қонаққа келу - to come as a guest; to visit жаңбырдың астында қалу - to get caught in the rain біраздан соң - a little later үсті су болу - to be soaked бәйбіше - wife; senior wife in a polygamous household түнеу - to stay overnight
Қожанасыр туралы халық әзілі. Bilim-All.kz, 19.04.2021.