This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Екі еріншек
B1 - Intermediate · 162 words

Екі еріншек

Audio player
0:00 --:--
Итаяқ деген кәрі шал мен Шүйке деген кемпір болыпты. Олардың бір сиыры бар екен. Қыстың өте суық бір күні шал: – Сиырға шөп сал, – дейді. Кемпір: – Өзің сал. Мен суыққа шықпаймын, – дейді. Екеуі ұзақ дауласады. Ақырында: – Кім бірінші сөйлесе, сол сиырға шөп салады, – деп келіседі. Кемпір шалды сөйлеткісі келеді. Ол бір қу адамды шақырады. Қу адам шалға сәлем береді, сұрақ қояды, бірақ шал үндемейді. Содан соң ол шалды шымшылайды, шашын тартады, сақалын қырады, бетіне күйе жағады. Шал сонда да үндемейді. Қу адам кемпірге: – Енді бара бер. Шалың сені күтіп отыр, – дейді. Кемпір келіп, шалының түрін көріп шошиды. – Байғұс шалым, саған не болды? – дейді. Сол кезде шал орнынан тұрып: – Сиырға шөпті сен саласың! – деп айғайлапты. Сөздік: дауласу - to argue шымшылау - to pinch repeatedly сақалын қыру - to shave someone’s beard күйе - soot үндемеу - to remain silent шошу - to be startled; to be frightened айғайлау - to shout
Бабалар сөзі. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 151–152-б.