This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Жиреншенің тағы бір айтқан сөзі
B1 - Intermediate · 152 words

Жиреншенің тағы бір айтқан сөзі

Audio player
0:00 --:--
Хан бір күні: – Біз Жиреншені қанша тырыссақ та жеңе алмадық. Енді оны жеңудің бір әдісін ойлайық, – дейді. Сөйтіп, бір жігітке: – Ертең ертерек біздің үйге кел. Жиренше кірген кезде қатты осырып, бірден үйден шығып кет. Мен Жиреншеге «Ұста!» деймін. Сонда оның не айтатынын көрейік, – дейді. Ертеңіне жігіт ханның айтқанын істейді. Жиренше кіргенде ол осырып, тұра жөнеледі. Хан Жиреншеге: – Ұста! – дейді. Жиренше далаға шығып, біраздан кейін қайта келеді. Хан: – Ұстадың ба? – деп сұрайды. Жиренше: – Баласы қашып кетті, әкесін ұстап әкелдім, – деп, ханның алдына кепкен тезек тастайды. Хан ұялып, күліп жібереді: – Бұған амал жоқ екен! – дейді. Сөздік: әдіс ойлау - to devise a way; to think of a method осыру - to fart тұра жөнелу - to get up and leave quickly кепкен - dried; dry тезек - dried animal dung амал - way; solution ұялу - to feel embarrassed; to feel ashamed
Бабалар сөзі. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 45–46-б.