Ерте кезде еліне адал бір патша болады. Елі оның бұйрығын әрқашан орындайды. Бір күні патша уәзірлеріне: «Ешкім пайда таппасын және кешке шам жақпасын», – деп бұйрық береді. Уәзірлер патшаның бұйрығын адамдарға жеткізеді.
Бір күні түнде патша ескі киімдер киіп, елді аралайды. Бір үйден шамның жарығын көреді. Бұл үйде етікші тұрады екен, ол етік тігіп отырады. Патша үйге қайыршы болып кіреді. Етікші оған нан береді. Сосын патша етікшіден: «Патшаның бұйрығын неге орындамадың», – деп сұрайды. Етікші: «Мен кедеймін. Әр күні төрт теңге пайда табамын және төрт теңге зиян табамын», – дейді. Патша оның ойын түсінбейді. Ол төрт уәзіріне осы сөздің мағынасын табуды тапсырады. Патша уәзірлеріне төрт күн береді.
Үш күн ішінде уәзірлер жауап таба алмайды. Сол кезде етікші уәзірлерге келеді. Ол: «Патшаның сұрағына мен жауап бере аламын. Бірақ сендер маған не бересіңдер», – деп сұрайды. Уәзірлер оған ақша беруге келіседі. Етікші патшаға барып, төрт теңгенің мағынасын былай түсіндіреді: «Бір теңгені балама қарызға беремін, өйткені қартайғанда ол маған көмектеседі. Бір теңгені ата-анама беремін, өйткені олар мені өсірді. Бір теңгені қызыма беремін. Соңғы бір теңгені әйеліміз екеуімізге жұмсаймыз». Патша: «Бұл етікші ақылды екен», – деп ойлайды. Содан кейін оны өзіне уәзір етеді. Етікші бай болады және жақсы өмір сүреді.
Source
Жинаушы: А. Диваев. «Тарту» жинағы. – Ташкент: Қазақ мемлекет баспасы, 1924. – 91-б.