Kazakh Text
Желтоқсан айы еді. Аң аулап, далада түнеп жүрген кезім. Кездескен аңдарды атып алып, кешке таман шаршадым. Бір сайдың саласына келіп, ылдиға түстім. Маужырап ұйықтап қалармын деп, желдің өтіне түсіп, отымды жағып, киіктің етінен ыстық ас пісірейін деп, мосыға бақырымды іліп қойдым. Қоржынымдағы піскен тамағымды жеп отырып, қалғып кетіп, шошынғандай көзімді ашып жіберсем, жағып қойған отым шашылған, бақырым төмен қарай жылжып бара жатыр. Таңырқап, кішкене отырдым да, тұра қалып, бақырға барып қарасам, бақырымды бір тасбақа мойнына іліп, жылжып барады. Жаңағы от жаққан жерім тасбақаның жатқан орны екен. Отты тасбақаның үстіне жағыппын. От жанғанда, тасбақаның денесі қызып, оянып, қимылдап, қозғалып, отты шашқанда, бақырым мойнына киіліп қалыпты. Тасбақа содан құтыла алмай, жанталасып, кетіп барады екен. Сөйтіп, тасбақа отымды шашып, бақырымды төгіп, бос бақырымды мойнына іліп, әкетіп бара жатыр екен ғой.
– Қыстың күнінде мазаңды алып, ұйқыңды бұздым-ау, сен де бір момын мақұлықсың ғой, – деп, тасбақаны қайтадан жерге көміп, тыңдап отырдым. Ол қор ете түсті.
Сөздік:
ылди - downward slope
маужырау - to become drowsy
мосы - tripod for a cooking pot
бақыр - metal cooking pot
қоржын - saddlebag
қалғып кету - to doze off
жанталасу - to struggle desperately
қор ете түсу - to start snoring