This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Қожанасыр әңгімелері
B1 - Intermediate · 149 words

Қожанасыр әңгімелері

Audio player
0:00 --:--
Бір күні Қожанасыр тамақ пісіруге көршісінен қазан сұрап алыпты да, ас пісіріп болған соң ішіне өзінің темір шөмішін салып, көршісіне апарып беріп: – Қазаныңыз аман-сау туды, – депті. Көршісі: – Бір темір шөмішке ие болдым, – деп ішінен ойлапты. Екінші жолы Қожанасыр тағы көршісінің қазанын сұрай барады. Көршісі тағы сөз айтпай, беріп жібереді. Ол асын пісіріп болған соң қазанды ортасынан қақ бөледі де, көршісіне апарып: – Алла қайырын берсін, қазаның пәни дүниеден бақи дүниеге көшті, – депті. Көршісі шошып кетіп: – Пәни дүниеден қазан көшетін бе еді? – дейді. Сонда Қожа айтыпты: – Қазан туды дегенде сеніп, менің темір шөмішімді алып қалып едің, енді қазаның өлді дегенде неге нанбайсың? – деп, үйден шығып кетіпті. Сөздік: шөміш - ladle ішінен ойлау - to think to oneself қақ бөлу - to split in two пәни дүние - the mortal world бақи дүние - the eternal world; afterlife нану - to believe
Бабалар сөзі. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 308–309-б.