Бір күні Қожа базардан екі келі ет сатып алып, үйіне келе жатады. Кенет бір қарақұс төмен қарай ұшып келіп, оның қолындағы етті іліп әкетеді. Қожа не істерін білмей, абыржып қалады. Содан кейін бір қалқа жерге барып отырады.
Біраздан соң қасынан ет алып келе жатқан басқа адам өтеді. Қожа бағанағы құс сияқты оның қолындағы етті жұлып алып, қаша жөнеледі. Әлгі кісі артынан қуып:
– Қожеке, мұныңыз қалай? Бұл зорлық қой! Етімді қайтарып беріңіз! – дейді.
Қожа оған:
– Бұл жердің ырымы осындай екен. Алдымен қарақұстан менің етімді алып бер. Сонда мен де сенің етіңді беремін. Ал оны алып бере алмасаң, жолыңнан қалма, – деп жауап береді.
Сөздік:
қарақұс - large bird of prey
іліп әкету - to snatch and carry off
абыржу - to become confused or flustered
қалқа - shelter; a sheltered spot
жұлып алу - to snatch
қуу - to chase
зорлық - force; wrongdoing
ырым - customary practice; folk belief