This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Бақша ағаштары
B1 - Intermediate · 144 words

Бақша ағаштары

Audio player
0:00 --:--
Жаздың әдемі бір күнінде бір төре баласымен бақшаға келеді. Екеуі егілген ағаштар мен гүлдерді қарап жүреді. – Мына ағаш неге тіп-тік, ал ана ағаш неге қисық өскен? – деп сұрайды баласы. – Балам, түзу ағашты күтіп өсірген. Оның қисық бұтақтарын кесіп отырған. Ал екінші ағашқа ешкім күтім жасамаған. Ол өз бетімен өскен, – дейді әкесі. – Демек, ағашты күтіп өсірудің маңызы көп екен ғой, – дейді бала. – Әрине, шырағым. Бұдан сен де өзіңе өсиет алсаң болады. Сен де жас ағаш сияқтысың. Саған да күтім керек. Мен қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретемін. Сен айтқанымды түсініп, орындасаң, жақсы адам болып өсесің. Ал ешкімнің ақылын тыңдамай, өз бетіңмен кетсең, мына қисық ағаш сияқты өсесің, – дейді әкесі. Сөздік: төре - nobleman қисық - crooked; bent бұтақ - branch күтім - care; tending өз бетімен - on one's own; without guidance өсиет - moral advice; lesson
Ыбырай Алтынсарин. «Бақша ағаштары». Wikisource, электрондық мәтін.