This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Сіз ұшқан күн – мерекеміз
A1 - Beginner · 115 words

Сіз ұшқан күн – мерекеміз

Audio player
0:00 --:--
Тоқтар Әубәкіров – қазақтың бірінші ғарышкері. Қазақ елі оны жақсы көреді. Журналистер ол туралы көп жазады. 2010 жылы Стамбулда үлкен форум болады. Бұл форумға түркі елдерінен танымал адамдар қатысады. Тоқтар Әубәкіров те қатысады. Адамдар оны форумда көріп қуанады. Ол - ұзын бойлы, үлкен кісі. Форумда Тоқтар аға сөз сөйлейді. Ол қазақ елі туралы айтады. Форумдағы адамдар оны тыңдайды. Форумнан кейін біз Тоқтар ағамен бірге дүкендерге бардық. Оған костюм іздедік. Бірақ оның өлшемін таппадық. Содан кейін бір қазақ кәсіпкер Тоқтар ағаны өз дүкеніне апарды. Жақсы шеберін шақырды. Шебер ағаның өлшемін алды. Тоқтар ағаға арнайы костюм тікті. Мен Тоқтар ағамен бірге өткізген күндерді ұмытпаймын. Оның ғарышқа ұшқан күні – біз үшін үлкен мереке. Біз оны мақтан етеміз.
Б. Омаров. Автордың 2022 жылғы 2 қыркүйектегі Facebook жазбасы.