This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Сіз ұшқан күн – мерекеміз
B1 - Intermediate · 227 words

Сіз ұшқан күн – мерекеміз

Audio player
0:00 --:--
Тоқтар Әубәкіровтің есімі қазақ халқына жақсы таныс. Ол сынақшы ұшқыш болып жүрген кезде де журналистер ол туралы көп жазды. Жүсіпбек Қорғасбек оны Шымбұлақта шаңғы теуіп жүрген жерінен тауып, ұзақ әңгімелесіп, очерк жариялаған. Ермұрат Бапи Тоқтар аға ғарышқа ұшқан кезде арнайы репортаж дайындаған. Ал Талғат Сүйінбай қазақ ғарышы туралы үзіліссіз жазған. 2010 жылдың 21-22 қазанында Стамбулда Дүниежүзілік түркі форумы өткен. Оған түркі елдерінің белгілі тұлғалары шақырылған. Форумда ел Тоқтар Әубәкіровке ерекше көңіл бөлген. Оның бойы екі метрге жуық, салмағы жүз жиырма бес келі болған. Алпыс төрт жасқа келгеніне қарамастан, ол дене қалпын сақтаған. Көшеде де оны танып, амандасуға келген адамдар аз болмаған. Форумда Тоқтар Әубәкіровті түркі халықтарынан шыққан тұңғыш ғарышкер ретінде таныстырған. Ол форумда сөз сөйлеген кезде барлығы тыныш отырып тыңдаған. Ол өз сөзінде қазақ халқының өмірінен мысал келтіріп, оның мықты мінезі туралы айтқан. Сонымен бірге түркі елдеріне ортақ мәдениетімізді құрметтеуге шақырған. Көрермендер оның сөзін ықыласпен тыңдап, қошемет көрсеткен. Сол сапарда Тоқтар ағамен бірге Стамбул дүкендерін аралап, костюм іздеген едік. Бірақ сатылымдағы киімдердің ешқайсысы оған сай келмеді: бірінің жеңі қысқа, екіншісінің иығы тар болған. Кейін сол елдегі қазақ кәсіпкер Дербіш Қылыш оны өз дүкеніне апарып, арнайы костюм тіктірген. Шебер оның дене өлшемдерін алып жатқанда, мен де бұл мәліметтерді қағазға түсіріп алдым. Өйткені ерекше тұлғалар туралы осындай деректерді сақтауды маңызды деп санаймын. Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа аттанған күні қазақ ғарышы тарихының басталуы ретінде танылады. Сондықтан да бұл күн – мерекеміз!
Б. Омаров. Автордың 2022 жылғы 2 қыркүйектегі Facebook жазбасы.