Жылда күзге қарай қойшылар бір-біріне жақын жерлерге көшеді. Үйлерін жақын тігеді. Осы жылы қойшылар біздің ауылға жақын жерге көшіп келеді. Менің Мәті деген нағашым бар. Оның ауылы да сол жерге көшіп келгенін естіп, оған барғым келеді.
Мәті бала кезінен қой бағады. Бірақ ел оны жақсы бүркітші, саятшы деп біледі. Оның бүркіті, аты және тазы иті бар. Мен сол тазыны қатты көргім келеді. Сол себепті мен кешке қарай атқа мініп, нағашымның ауылына қарай жолға шығамын. Мінген атым алыс жолға онша үйренбеген. Бірақ ауылдан шыққан соң жылдамырақ жүре бастады.
Жолда суы азайған өзен бар екен. Кенет сол жерден әдемі түлкіні көрдім. Ол өзеннің жағасына қарай жүреді. Аузында бір зат бар. Алғашында оны қоян шығар деп ойладым. Алайда қоян емес екенін байқадым.
Мен түлкіге алыстан қарап тұрдым. Түлкі суға түсіп, жүзе бастады. Судың ортасында аузындағы затты тастап, суға сүңгіді. Бұл әрекетін үш-төрт рет қайталады.
Содан кейін түлкі өзеннің жағасына шығып, үстіндегі суды сілкіді. Мұрнын жоғары көтеріп, бірнеше рет үрді. Түлкінің бұл әрекеті мені таңғалдырды, сондықтан оған ұзақ қарап тұрдым.
Source
А. Сейдімбек. «Лениншіл жас», 1970 жылғы 15 желтоқсан.