This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Тезек тістеген түлкі
B1 - Intermediate · 206 words

Тезек тістеген түлкі

Audio player
0:00 --:--
Әр жылдың күзінде қойшы ауылдар күземге көшеді. Биыл олар біздің ауылға жақын жерге көшіп келеді. Солардың бірі – менің нағашым Мәтінің ауылы. Біраз уақыттан бері оны көрмедім, сондықтан оған барып қайтуды ойладым. Мәті нағашым бұрыннан қой баққанымен, айналасындағы жұрт оны бүркітші, саятшы деп құрметтейді. Ол жақсы атқа, жақсы бүркітке және жүйрік итке ерекше қызығады. Нағашымның өте жүйрік тазы иті бар дегенді естіп, соны өз көзіммен көргім келеді. Тіпті, жиендік жасап, өзіме сұрап алуды да ойлап қоямын. Кешке таман Қордабай деген қойшының атына мініп, жолға шығамын. Ат ұзақ сапарға үйренбеген екен. Дегенмен ауылдан алыстаған соң жақсырақ жүре бастады. Мен төбелердің арасымен нағашымның ауылына қарай шықтым. Жол ортасында суы азайып, кей жерінде ғана көлшік қалған өзенді көрдім. Сол жерде бір түлкіні байқап қаламын. Ол өзен жағасын бойлап кетіп барады екен. Түлкінің аузынан бір зат көріп қалдым. Алғашында қоян тістеп алған шығар деп ойлағанмын. Бірақ оның жеңіл қимылына қарап, тістегені қоян емес деп ойладым. Аттың басын бұрып, түлкіге алыстан қарап, оны бақылап тұрдым. Ол су жиналған жерге келді, су ішетін шығар деп күттім. Алайда түлкі бірден суға жүзіп кіріп, аузындағы затты суға тастайды. Бірнеше рет суға сүңгіп шықты. Бір кезде судан жағаға шығып, үстіндегі суды сілкіді. Мұрнын аспанға көтеріп үрді. Түлкінің неге бұлай жасағаны маған қызық көрінді әрі таңғалдырды.
А. Сейдімбек. «Лениншіл жас», 1970 жылғы 15 желтоқсан.