This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Жиырма жас
A1 - Beginner · 131 words

Жиырма жас

Audio player
0:00 --:--
Түн болды. Мен төсекте жаттым. Біреу есікті ашты. Қараңғы бөлмеге апам кірді. Ол төрде ұйықтап жатқан көкеме қарады. Көкем қатты қорылдады. – Оразбай келмеді– дедім. – Жабайжан, ояусың ба? – деді апам. – Иә, ояумын, - дедім Апам менің қасыма отырды. Ол менің басымнан сипады. Мен апама: – Оразбай жұмыстан шаршайды. Ол неге жатпайды? – дедім. Апам күлді. – Ол жиырма жастағы жігіт. Жабайжан, сен оған неге ренжисің? – деді. Мен: – Ол түнде үйге кеш келеді. Денесі де суық болады. Мен енді онымен бірге жатпаймын, – дедім. Апам тағы күлді. Ол шашымнан сипады. Содан кейін апам: – Менің жұмысым көп. Мені ойлайсың ба? - деді – Ойлаймын, - дедім. – Сенің жасыңда бұрын адамдар үйленді. Оразбай емес, сен де үйлену туралы ойлауың керек, – деді апам. Мен апамның сөзін түсінбедім.
Т. Нұрмағанбетов.