Кенет есік ашылып, басымды көтердім. Бөлмеге апам кірді.
Апам төрде қатты қорылдап ұйықтап жатқан көкеме қарап:
– Мына байғұс үйді көшіріп жібере ме екен ? – деп күлімсіреді. Содан кейін кереуетке жақындады. Ол Оразбайды білгісі келген сияқты.
– Әлі келген жоқ, – дедім.
– Жабайжан, сен әлі ояусың ба? – деді.
– Ояумын, - дедім.
Апам ақырын ғана «уһ» деп кереуетке отырды. Көңіл-күйі жақсарған сияқты.
– Апа, Оразбай жұмыстан шаршап келеді, үйде демалмай ма? Түнде неге жатпайды? – дедім.
Апам күліп, менің басымнан сипады.
– Ол жиырма жастағы жігіт қой. Сен оған неге ренжіп жүрсің? – деді.
– Ол түнде кеш келеді және денесі суық болады. Енді онымен бірге жатпаймын, - дедім.
Апам менің сөзіме күліп:
– Əй, саған не десем екен? Маған жаның аши ма? Жоқ па? Соны айтшы? – деді.
– Ашиды.
– Жаның ашыса, ренжімес едің-ау, сен ақымақ. Енді алпысқа келгенше ыдыс жуып жүремін бе? Сенің жасыңда бұрын жігіттер келін түсіретін.
Мен ештеңе түсінбедім.