Екі адам жолда келе жатады. Сол кезде алдынан бір адам шығады. Ол: «Менің түйем жоғалды. Сендер көрдіңдер ме?» – деп сұрайды.
Бірінші жолаушы: «Түйеңнің оң көзі соқыр ма?» – деп сұрайды.
Адам: «Иә», – деп жауап береді.
Екінші жолаушы: «Түйеңнің сол жақ артқы аяғы ақсақ па?» – деп сұрайды.
Адам: «Иә, дұрыс. Сол жақ артқы ақсақ», – дейді.
Бірінші жолаушы сұрайды: «Түйеңнің құйрығы қысқа ма еді?»
Адам қуанып: «Иә, құйрығы қысқа!» – деді. Сосын ол: «Сендер түйемді қайдан көрдіңдер?» – деп сұрайды.
Жолаушылар: «Біз түйеңді көрген жоқпыз», – дейді.
Адам ашуланады: «Көрмесеңдер, қайдан білдіңдер? Сендер менің түйемді ұрладыңдар ма?» – деп айтады.
Жолаушылар: «Жоқ, біз ұрлаған жоқпыз. Біз түйеңді көрген де жоқпыз», – дейді.
Адам сенбеді. Үшеуі бір биге барады. Би: «Сендер түйенің ұрладыңдар ма?» – деп сұрайды.
Жолаушылар: «Жоқ, біз ұры емеспіз. Біз мал баққанбыз. Сондықтан мал туралы жақсы білеміз», – деп жауап береді.
Ақсақал: «Түйенің белгелерін қалай білдіңдер?» – деп қайта сұрайды.
«Түйе жолдың сол жағындағы шөпті ғана жеген. Сондықтан оң көзі соқыр деп ойладық. Түйе тұрған жерде артқы сол аяғын көтеріп тұрған. Сондықтан аяғы ақсақ деп білдік. Түйенің құмалағының жолдан алыс жатқан. Сондықтан құйрығы қысқа деп түсіндік. Құйрығы ұзын түйе құмалағын алысқа тастай алмайды», -деп түсіндірді жолаушылар.
Source
А.Байтұрсынұлы. Алты томдық шығармалар жинағы. ІІ том.