This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Жапон әсерлері
B2 - Upper Intermediate · 188 words

Жапон әсерлері

Audio player
0:00 --:--
Токио аэропортына мен түнгі он бір шамасында келіп түстім. Қасымда жапон тілінің маманы Ирина Иоффе бар. Оннан астам кинокамералар, фотографтар жарқылдатып жатты. Әлдекімдермен қол алысып жатырмыз. Әлдекімдер қолыңды қатты қысып тұрып өз үйіне қонаққа шақырады: – Ертең түстікке... – Кешкі тамаққа... Бәріне де алғыс айтып, бәріне де уәде беруге тура келді. Шақырушылардың басы – Жапон Жазушылар ұйымының бастығы қызметінен жаңада ғана босаған жетпістен асқан Аоно қарт. Аэропорттың үлкен бір залында жүзден аса адам тік тұрып совет делегациясына қошемет көрсетіп, «Қош келіпсіз!», -деп айтты. Жапон жазушыларының бірден сезілген шынайы меймандостығына ырза көңілмен достық жауап қайтардым. Қалаға отыздан астам машинамен келіп кірдік. Машинаға бізбен бірге мінген жапон жазушысы қарсы алғандардың кім екендерін таныстырды. Көпшілігі жапон жазушылары, енді біразы Азия, Африка, Шри Ланка, Вьетнам, Индия, Индонезия, Корея, Моңғол, Гана, Араб, Алжир, тағы басқа Азия, Африка елдерінің жазушылары. Бұл совет делегациясына көрсетілген көңіл еді. Келесі күндері жеке-жеке келген Зүлфия мен Қ.Симоновқа да осылай қошемет болды. Бізді «Империал» қонақ үйіне әкеліп түсірді. Он жетінші ғасырда қызыл кірпіштен төселген қораның ішіндегі жолдарға осы күнге дейін адам аяғы тимегендей тап-таза, бір кірпіштің қыры мұқалмаған. Көркемдік үшін отырғызылған әртүрлі ағаштардың бір бұтағы сынбаған, бір бүршігі үзілмеген.
Ғ.Мүсірепов. №2, Лениншіл жас. 1970 жыл.