Апамның монологы:
Менің үлкен ұлым осыдан 15 жыл бұрын Шәңгіштай ауылынан кетті. Ол Қарағанды қаласында, шахтада жұмыс істейді. Одан кейін ауылдан тағы 25 адам қалаға көшті. Мен: «Адамдар неге ауылдан қалаға қашады? Қалада не бар?» деп ойладым. Кейін өзім де қалаға бардым. Тұңғыш ұлым Қылан маған: «Апа, ауылда 60 жыл тұрдың, шаршадың. Қалаға жүр, демал», – деді. Сосын мен Қарағандыға бардым. Ауылдан кеткен Құмаш, Шыңғыс, Тиянақ, Түсетай, Құмарқан, Мәнтай – бәрі де қалада шахтада істейді.
Олар маған келіп, амандасты. Мен олардан: «Ауылға неге бармайсыңдар?» деп сұрадым. Олар: «Апа, біз қалаға үйреніп кеттік», – деп жауап берді.
Қалада бәрі дайын, өмір өте ыңғайлы. Бірақ мен ауылды, туыстарымды сағындым. Маған бір нәрсе жетпеді. Сосын мен қатты ауырдым. Дәрігерлер көмектесе алмады. Ұлыма: «Бұл жерде өлгім келмейді, мені ауылыма жеткіз», – дедім. Олар мені ауылға алып келді.
Шәңгіштай ауылының жанында «Күркіреме» деген бұлақ бар. Жолда автобус тоқтады. Мен сол бұлақтың суымен бетімді жудым, су іштім. Сол кезде ауруым тез жазылып кетті, өзімді өте жақсы сезіндім. Содан бері ешқашан ауырған емеспін. Бұл бұлақтың не сиқыры бар екенін білмеймін. Бірақ менің айтарым: қаладағы жақсылықты өз ауылдарыңа алып келіңдер. Қалаға қашқан 25 жігіт, сендер осы бұлақтың суын ішіп көрдіңдер ме?