This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Бәле қайдан деме
A1 - Beginner · 138 words

Бәле қайдан деме

Audio player
0:00 --:--
Мен таксистпін. Бір күні телефоным шырылдады. – Қайдасың? Тез кел! Жеңгеңнің жағдайы нашар! – Не болды? – Басын жарды. Машинамда адамдар отырды. Мен оларға: - Машинадан шығыңыздар, басқа жаққа барамын, - дедім. Олар машинадан шықты, бірақ: – Таксистерде ұят жоқ, - деп ашуланды. Мен тез машинама отырдым. Ағамның үйіне бардым. Үйде жеңгем отыр. Оның көзі мен басы қан болды. Біз оны емханаға апардық. Дәрігер оның жарақатын тікті. Кейін ағам болған жағдайды айтты. Жеңгем электр энергиясына аз ақша төлеу туралы естиді. Ол – электр есептегішке магнит қою. Ағамызға айтады. Ол жұмысынан кішкентай магнит әкеледі. Көрші әйелге күйеуі үлкен магнит береді. Жеңгем өзі орындыққа шығады және магнитті есептегішке қояды. Бірақ бұрынғы кішкентай магнит қозғалады да, жеңгемнің басына тиеді. Жеңгем құлайды және басын жарақаттайды. Ол бірнеше ай электр энергиясына төлеу керек ақшаны дәріге жұмсайды. Басқа адамдар оны «Жарықбас қатын» деп атады.
З. Төлеуов.