This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Бәле қайдан деме
B1 - Intermediate · 213 words

Бәле қайдан деме

Audio player
0:00 --:--
Мен таксист едім. Адамдарды жинап, жолға енді шығайын деп жатқанда, ұялы телефоным шырылдады. – Қайдасың? Тез жет! Жеңгеңнің жағдайы өте ауыр! – Не болды? Түсіндірші! – Басы жарылды! Машинамда таңертеңнен жинаған адамдаым отырған. Мен оларға: - Машинадан түсіңіздер, басқа жаққа барамын, - дедім. Олар машинадан шығып бара жатып: – Таксистерде ұят жоқ, - деп ашуланды. Мен бірден ағамның үйіне қарай жолға шықтым. Үйдің сыртында бірнеше адам күтіп тұрды. Олар менімен бірге үйге кірмеді. Іштен әйелдің жылаған даусы естілді. Жеңгем қайтыс болды деп ойладым. Төргі бөлмеге кірсем, жеңгем диванда отыр екен. Оның көзі-басы қанға боялған. Біз оны емханаға жеткіздік. Дәрігер басындағы жарасын тігіп, кейін үйге алып қайттық. Ағам қатты уайымдап отырды. Біраз уақыттан кейін ол болған жағдайды айтып берді. Жеңгем электр энергиясына төленетін ақшаны азайтудың бір әдісін естіпті. Ол үшін электр есептегішке магнит қою керек екен. Ағам бір кішкентай магнит тауып әкелген. Бірақ көршісінің күйеуі одан да үлкен магнит қолданыпты. Содан ағам да сондай үлкен магнит әкеліп береді. Жеңгем магнитті есептегішке қою үшін орындыққа өзі шығады. Магнитті жақындатқан кезде есептегіште бұрын тұрған кішкентай магнит кенет қозғалып, оған тиеді. Жеңгем тепе-теңдігін жоғалтып, құлап, басын жарақаттайды. Осы оқиғадан кейін ол бірнеше ай дәріге ақша жұмсайды. Электр энергиясына аз ақша төлегісі келгенімен, керісінше, дәрі-дәрмекке көп қаражат жұмсайды. Содан кейін адамдар оны әзілдеп, «Жарықбас қатын» деп атаған екен.
З. Төлеуов.