This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Бәле қайдан деме
B2 - Upper Intermediate · 227 words

Бәле қайдан деме

Audio player
0:00 --:--
Мен таксист едім. Адамдарды жинап, жолға енді қозғала бергенімде, қалта телефоным шырылдап қоя берді. – Қайдасың? Тез жет! Жеңгең әл үстінде жатыр! – Не болды? Түсіндірші! – Басы жарылды! Таңертеңнен тынбай, елді енді жинағанда мына ағанікі қызық болды ғой! Машинамда жиналып отырған кісілерім: –«Таксистерде ұят жоқ!»-деп, бұрқылдап жатыр. Бірден ағамның үйіне қарай зымырадым. Үйдің сыртында мені күтіп тұрған адамдардың өзі жағдайдың оңай емес екенін аңғартты. Үй ішінен әйелдің жылаған даусы естіліп жатты. Жеңгем өліп қалды деп ойладым. Төргі бөлмеге кірсем, жеңгем диванда отыр екен. Көзі-басы қанға боялған. Біз оны дереу емханаға апарып, жарақатын тіктірдік. Үйге қайтып келген соң ағам болған оқиғаның себебін айтып берді. Жеңгем электр есептегіштің көрсеткішін азайтып, жарыққа төленетін ақшаны үнемдеудің бір әдісін естіпті. Ол үшін есептегішке магнит қою керек дегенді білген. Осы ой оның мазасын алып, ағама магнит тауып беруін сұрай береді. Алғашында ағам шағын магнит әкеледі. Сөйтсе, көрші әйелдің күйеуі үйіне ірі қараның асығындайын әкеліпті. Күнде құлақ етін жей берген соң, ағамыз да сондайды жер астынан болса да тауып әкеледі. Ағамыздан бойшаң және етжеңділеу жеңгеміз тасыраңдап, орындыққа өзі шығады. Магнитті есептегішке қоймақ болып қолын созғанда, бұрынғы тұрған кішкене магнит бұған қарғиды. Ол тепе-теңдігін жоғалтып, құлап, ауыр жарақат алады. Сөйтіп жарық ақысын азайтпақ болған жеңгем бірнеше ай бойы дәрі-дәрмекке қомақты ақша жұмсауға мәжбүр болады. Аз ғана ақша үнемдеймін деген әрекет керісінше үлкен шығынға әкеледі. Содан кейін адамдар әзілдеп, оны «Жарықбас қатын» деп атап кеткен.
З. Төлеуов.