This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Алтын сағат
A2 - Elementary · 159 words

Алтын сағат

Audio player
0:00 --:--
Бір күні Чарли Чаплин Нью-Йорк метросымен үйіне келе жатады. Үйге келген соң, ол қалтасынан алтын сағат тауып алады. Чаплин қатты таңғалады. - “Бұл сағат қалтама қайдан қалай түсті?”-деп ойлайды. Ол алтын сағатты полиция бөліміне апарады. Келесі күні Чаплинге пошта арқылы хат келеді. Хатты қалта ұрысы жазған екен. Ол метрода бір бай адамның алтын сағатын ұрлапты. Сол кезде ол Чаплинді көрген екен. Сағатты оның қалтасына салып жібереді. Ол Чаплинге сыйлық жасағысы келген. Бірнеше жыл өтеді. Полиция ұрыны да, сағаттың иесін де таба алмайды. Соңында полиция алтын сағатты Чаплинге қайтарады. Бұл оқиға туралы газеттер де жазады. Бірнеше күннен кейін Чаплин тағы бір хат алады. Бұл хатты алтын сағаттың иесі жазған екен. Ол бір жыл бұрын метрода сағатын жоғалтыпты. Газеттен сағаттың Чаплинге берілгенін оқыпты. Сағаттың иесі Чаплинге: «Сағат сізде қалсын»,- деп жазады. Ол Чаплинге: сіздің өнеріңізді ұрының сыйлығынан да жоғары бағалаймын,-деп жазады. Сонымен бірге ол Чаплинге сағатқа арналған алтын бау жібереді. Чаплин бұл қызықты оқиғаны күнделігіне жазыпты.. Сол сағат қазір қайда екен?
Қазақ әдебиеті, № 30 05.08.2022 жыл.