Баяғыда бір адам Сүлеймен пайғамбарға барады. Ол барлық жануарлардың тілін үйренеді. Содан кейін үйіне қайтады.
Сүлеймен пайғамбар оған:
– Сен жануарлардың тілін білесің, ешкімге айтпа. Айтсаң, өлесің, – дейді.
Бұл адамның екі өгізі, бір есегі, бір аты және жиырма тауығы болады.
Бір күні адам әйелімен бірге үйден шығады. Сол кезде есек өгізге:
– Сен қиналып жүрсің. Күнде жұмыс істейсің. Менің ақылымды тыңда. Ауру сияқты бол. Шөп жеме, су ішпе. Сонда жұмыс істемейсің, – дейді.
Адам есектің сөзіне күледі. Әйелі: – Неге күлдіңіз? – деп сұрайды.
Бірақ адам әйеліне себебін айтпайды.
Келесі күні өгіз шөп жемейді, су ішпейді. Адамның жұмысшысы:
– Өгіздің біреуі ауырып қалды, -дейді.
Сонда адам: – Өгіздің орнына есекті қос, - дейді.
Жұмысшы есекті өгізбен бірге жер жыртуға апарады. Есек күні бойы жұмыс істейді. Жұмысшы оны қатты ұрады.
Кешке есек үйге келеді. Үйдегі өгіз: – Досым, қалайсың?- деп сұрайды.
Есек: – Мен жақсымын. Бірақ саған қиын болады. Сен шөпті же. Суды іш. Бүгін шөп жемесең, түнде сені сояды,-дейді.
Адам бұл сөзге күледі.
Әйелі: – Неге күлдіңіз? Айтыңызшы,- дейді.
Адам: – Бұл құпияны айтсам, мен өлемін,- дейді.
Әйелі: – Өлсеңіз де, айтыңыз, – дейді.
Сонда адам далаға шығады. Сол кезде ит тауықтарға айтады:
– Неге қуанасыңдар? Бүгін сендердің иелерің өледі,- дейді.
Сонда қораз:
– Ол неге өледі? Ол әйелін тыңдайды. Ол әйелін ұруы керек. Сонда әйелі бұл құпияны сұрамайды. Ол тірі қалады,-дейді.
Адам қораздың сөзін естиді. Үйіне кіреді де, әйелін ұрады. Әйелі содан кейін құпияны сұрамайды.
Осылайша адам тірі қалады.
Source
А.Диваев. Тарту (жинақ). – Ташкент: Қазақ мемлекет баспасы, 1924 ж. – 88б.