This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Мал тілін білуші
B2 - Upper Intermediate · 303 words

Мал тілін білуші

Audio player
0:00 --:--
Ертеде бір адам Сүлеймен пайғамбардың алдына барып, барлық жануарлардың тілін үйреніп қайтады. Алайда пайғамбар оған қатаң ескерту жасайды: – Жануарлардың тілін түсінетініңді ешкімге жария етпе. Егер бұл құпияны біреуге айтсаң, өміріңмен қоштасасың. Адамның үйінде екі өгіз, бір есек, бір ат және жиырма шақты тауық болады. Бір күні ол әйелімен бірге сыртқа шыққанда, есектің өгізге ақыл айтып тұрғанын естиді: – Сенің көрген күнің қиын болды. Мойныңнан қамыт, арқаңнан қамшы кетпейді. Күн сайын тынымсыз жұмыс істейсің. Егер менің кеңесімді тыңдасаң, ауру болып көрін. Шөптен бас тартып, су ішпей қой. Сонда сені жұмысқа жарамсыз деп есептеп, бірнеше күн демалдырады. Бұл әңгімені естіген адам еріксіз күліп жібереді. Әйелі оның күлген себебін сұрағанымен, ол сырын ашпайды. Келесі күні өгіздің бірі шынымен ауырып қалғандай болып, шөп жемей, су ішпей жатады. Мұны көрген қосшы байға келіп: – Өгіздің біреуі ауырып қалды, жем де, су да ішпей жатыр,-дейді. Бай: – Онда оның орнына есекті қос,-деп бұйырады. Қосшы есекті өгізбен бірге жер жыртуға алып кетеді. Таң атқаннан кеш батқанға дейін есек ауыр жұмыс істеп, оның үстіне қатты таяқ жейді. Кешке ол әбден шаршап, үйіне қайтады. Қорада қалған өгіз досының жағдайын сұрайды. Сонда есек айтты: «Маған ештеңе болмайды, саған қиын болады. Байдың көмекшісі саған ашуланып келді. Бүгін шөп жемесе, түнде соямын, бай сұраса, ауруынан өлді, деп айтамын»-деді. Адам бұл әңгімені де естіп, күледі. Әйелі тағы да оның себебін сұрайды. Адам: – Егер бұл сырды айтсам, өлемін,- деп жауап береді. Алайда әйелі оның жауабына қанағаттанбай: – Өлсеңіз де, айтыңыз,-деп талап етеді. Сонда адам үйден шығып, далаға барады. Сол жерде иттің тауықтарға қарап: – Сендер неге қуанып жүрсіңдер? Сендерді бағатын қожайындарың бүгін өледі,-деп тұрғанын естиді. Сонда қораз: «Өлсе, өле берсін. Бір әйеліне күші жетпейді. Егер де әйелін ұрса, қорыққанынан әйелі сұрамас еді, сонда өзі тірі қалар еді» деді. Бай бұл сөзді естіген соң әйелін өлгенше ұрдаы. Ұрған соң, әйелі қайтып сұрамайтын болып, өзі тірі қалады.
А.Диваев. Тарту (жинақ). – Ташкент: Қазақ мемлекет баспасы, 1924 ж. – 88б.