Бір күні түлкі далада жүреді. Ол өлі балықты көреді. Оны жегісі келеді. Бірақ балық қақпанның үстінде тұрады. Түлкі балықты алуға тырысады. Ол құйрығын созады, балықты тартады. Бірақ балық үлкен болады. Түлкінің күші жетпейді. Ол ашуланады. Жолға шығады. Жолда түлкі маймылды көреді. Түлкі маймылға сәлем береді. Маймыл таңғалады.
– Түлкі, неге маған құрмет көрсеттің? - деп сұрайды.
Түлкі: – Сүйінші! Аңдар жаңа патша сайлайды. Олар: арыстан патша болады, -деді.
Мен:
- Маймыл патша болады,- дедім. Мен сізді ақылды және әділ,-деп айттым. Барлық аңдар келісті, -деді.
Маймыл бұл сөзге қатты қуанады.
– Мен патша болуға дайынмын. Сенің жақсылығыңды ұмытпаймын,-деді.
Түлкі мен маймыл жолға шығады. Біраз уақыттан кейін олар балық пен қақпан тұрған жерге келеді.
Түлкі: – Патшам, менің қарным аш. Сіз дұға жасаңыз. Мен «Әумин!» деймін. Мүмкін, тамақ табылады, -деді.
Маймыл дұға жасады. Түлкі: – Әумин! -деді.
Содан кейін түлкі балықты көрсетті.
– Міне, сіздің дұғаңыз қабыл болды. Тамақ табылды. Балықты жеңіз! -деді түлкі.
Маймыл: – Өзің жей бер. Сен ашсың. Мен қуанып тұрмын, сондықтан тоқпын,-дейді.
Түлкі: – Жоқ, патшам. Мен сізден бұрын тамақ жемеймін. Сіз бірінші жеңіз,-деді.
Маймыл қақпанға жақындайды. Ол аяғымен қақпанды басады. Маймылдың аяғы қақпанда қалады. Маймыл қатты қорқады.
– Патша болмаймын! Аяғымды босат!- деп түлкіге ұрысты.
Сол кезде түлкі балықты жейді.
Түлкі: – Маймыл, сен қақпанға патша болдың. Қош, аман бол,- дейді. Ол кетеді. Маймыл қақпанда қалады.
Source
А.Диваев. Тарту (жинақ). – Ташкент: (Қазақ мемлекет баспасы), 1924 ж. – (83б).