This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Түлкі мен маймыл
A2 - Elementary · 294 words

Түлкі мен маймыл

Audio player
0:00 --:--
Бір күні түлкі жолмен келе жатып, өлі балықты көреді. Ол балықты жегісі келеді. Бірақ балық қақпанның үстіне қойылған екен. Түлкі оны қақпаннан алуға тырысты. Ол құйрығын созады және балықты тартады. Бірақ балық үлкен болды, сондықтан түлкінің күші жетпеді. Түлкі ашуланып, жолға шығады. Біраз жүрген соң, ол маймылды кездестіреді. Түлкі маймылға сәлем берді. Маймыл бұған таңғалып: – Түлкі, неге маған құрмет көрсеттің?- деп сұрайды. Түлкі: – Сізге жақсы жаңалығым бар. Аңдар жаңа патша сайламақшы. Олар менің пікірімді сұрады. Мен оларға маймыл патша болса, жақсы болады,- дедім. Өйткені сіз ақылдысыз және адамдарға ұқсайсыз. Сіз әділ патша боласыз деп ойладым, – деді. Түлкі арыстанның күшті екенін де айтты. Егер арыстан патша болса, ол әлсіз аңдарға жамандық жасайды,-деді. Сондықтан аңдар маймылды патша болсын дегенін айтты. Маймыл қатты қуанды. – Егер халық мені қаласа, мен патша болуға дайынмын. Сенің жақсылығыңды ұмытпаймын. Жүр, мені сол аңдарға апар, – дейді. Түлкі маймылды біраз жерге ертіп барады. Содан кейін олар балық пен қақпан тұрған жерге жақындайды. Түлкі: – Патшам, менің қарным аш. Сіз дұға жасаңыз. Мен «Әумин!» деймін. Мүмкін, тамақ табылып қалар, -дейді. Маймыл дұға жасайды. Түлкі қолын көтеріп: – Әумин! -деді. Содан кейін түлкі балық тұрған жерді көрсетеді. – Қараңыз, дұғамыз қабыл болды. Дайын тамақ таптық. Мына балықты жеңіз, - деді. Маймыл: – Сен аш едің ғой. Өзің жей бер. Мен патша болатыныма қуанып, тойып тұрмын, -дейді. Түлкі: – Жоқ, патшам. Мен сізден бұрын тамақ жемеймін. Алдымен патша тамақ жеуі керек, -дейді. Маймыл қақпанға жақындап, аяғын басты. Сол кезде қақпан тарс етіп жабылады. Оның аяғын қақпан қысып қалды. Түлкі балықты жеп алады. Маймыл: – Ойбай! Мен патша болғым келмейді! Аяғымды босат!-деп айқайлайды. Ол түлкіге ашуланады. Түлкі: – Сен патша болғың келді, бірақ өз аяғыңды да қорғай алмадың. Енді сенің патшалығың осы қақпан болсын. Аман бол!-дейді. Ол кетіп қалады. Маймыл қақпанда қалады.
А.Диваев. Тарту (жинақ). – Ташкент: (Қазақ мемлекет баспасы), 1924 ж. – (83б).