This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Ұлтты сүю әртүрлі
A1 - Beginner · 110 words

Ұлтты сүю әртүрлі

Audio player
0:00 --:--
Қазақ өз балуаны немесе жүйрігінің жеңісіне қуанады. Басқа халықтар да өз елімен мақтанады. Адам өз жерін, отбасын сүйеді. Әр халық өз елін жақсы көреді. Бірақ өз еліңді жақсы көру жеткіліксіз, басқа халықтарды да сыйлау керек. Қазір әр ел күшті әрі білімді болуды қалайды. Сондықтан әр халық өз елін дамытуы тиіс. Ел күшті болу үшін адамдар өз елін жақсы көруі және еңбек етуі керек. Білімді адамдар халыққа жақын болуы керек. Балаларға кішкентай кезінен өз ұлтын, тілін және елін жақсы көруді үйрету қажет. Германия, Жапония, Англия, Түркия адамдары кішкентай кездерінен «ұлтым» деп өседі. Олардың әр адамы – мемлекетке қажет қызметкер. Білімді адамдар халық үшін жұмыс істеуі қажет. Біз халық үшін өмірге келеміз.
Ж.Аймауытов. «Абай» журналы. 2 қазан 1918 жыл. (Мақала «Қазақ альманағының» екінші санынан алынды. Шілде-тамыз. 2009 жыл).