Бір күні анасы Байжанды молданың үйіне апарады. Байжан молдаға оқу үшін келеді.
Молда отырған үйде он бала бар. Балалар сабақты бірге, дауыстап оқиды.
Байжан үйге кіргенде қатты ұялады. Ол төмен қарайды. Әжесінің артына жасырынады. Балалардың бәрі Байжанға қарайды.
Молда Байжанның анасына:
– Жоғары шығыңыз! - деді.
Байжан таңғалады. Ол молданы өте үлкен, ерекше адам деп ойлайды.
Таң атты. Ауыл адамдары әлі ұйқыда болды. Ал молданың үйінде балалар сабақ оқып отырды. Балалардың ұйқысы келді. Олар есінеді, жай оқыды. Кейде молда қамшымен балаларды ұрады, ұйқыдан оятады. Байжанның да ұйқысы келді. Ол қасындағы балаға бір нәрсе айтты. Молда Байжанды ұрды. Байжан жылағысы келді, бірақ молдадан қорықты.
Біраз уақыттан кейін Байжан далаға сұранды. Ол молдаға: – Молдеке, шығуға бола ма?- деді.
Молда: – Жаңа келдің, отыр!- деді.
Байжан қайтадан орнына отырды. Оның көзіне жас келді.
Source
А.Байтұрсынұлы. Алты томдық шығармалар жинағы. 2-том. – Алматы: «Ел-шежіре», 2013. - 384 б.