This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Шешем жайлы
A1 - Beginner · 240 words

Шешем жайлы

Audio player
0:00 --:--
Анасы бар балада бәрі бар. Менде қазір бәрі бар. Анам мені аш қалдырмайды. Ол бір жерден тамақ табады. Өзі жемейді, маған береді. Анам жас кезінде өте әдемі болды. Ол орта бойлы, беті қызыл, қыр мұрынды әйел. Бірақ ол кішкентай кезімнен бері көп ауырады. Ол күні бойы жұмыс істейді. Үйде бар нәрседен тамақ жасайды. Біздің үйдегі адамдардың бәрі анамды сыйлады. Біздің отбасымыз тату болды. Әкем – өте сабырлы адам болды. Ол анама қарсы сөйлемейді. Анам кейде әкеме ұрысады. Бірақ әкем үндемейді. Мен сабақты жақсы көрдім. Анам оған қатты қуанды. Ол: – Менің балам өкіметші болады, -деді. Ол кезде ауыл адамдары білімді, қызметі бар адамдарды «өкіметші» деп атады. Менің екі арманым болды. Біріншісі – мұғалім болу. Екіншісі – дүкенші болу. Мен бала кезімде кәмпитті жақсы көрдім. Бірақ біздің үйде қант пен кәмпит өте сирек болды. Мен дүкеншіні өте бақытты адам деп ойладым. Себебі дүкенде көп кәмпит пен қант бар. Мен дүкенде істеймін және кәмпитті көп жеймін, -деп ойладым. Бір күні Сатылған ағай маған қант алу үшін бір сом ақша берді. Мен бірінші рет қағаз ақшаны ұстадым. Ауылға арбамен көшпелі дүкен келді. Мен көшпелі дүкенге келдім. Бірақ арба кетіп қалды. Біреулер: – Әне, кетіп бара жатыр, -деді. Арбада қант бар. Мен жалаңаяқ, бас киімсіз жүгірдім. Арбаға жеттім. Қатты шаршадым. Сөйлей алмадым. Бір сомды сатушыға бердім: – Қант... қант, -дедім. Дүкенші болуды ұнатуымның тағы бір себебі бар. Әдемі киімдер аламын. Анама және Бөпке апама жаңа киім әперемін. Оларға жаңа орамал, аяқкиім, әдемі киімдер аламын.
Б.Соқпақбаев. https://www.zharar.com/index.php?do=shorttexts&action=item&id=34651.