This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
50 жастың қадірі
A2 - Elementary · 141 words

50 жастың қадірі

Audio player
0:00 --:--
Мамыр аға пойызбен Астанаға келе жатты. Ол жездесінің 50 жасқа толған тойына бару үшін шықты. Ол бір купеде жасы үлкен қариямен бірге отырды. Бір кезде қария: – 50 жаста той жасау дұрыс па ? – деп күліп қойды. Мамыр аға оған қарап: – Ата, өзіңіз неше жастасыз? – деп сұрады. – Мен жетпәс бес жастамын,-деді қария мақтанып. Мамыр аға біраз ойланып: – Адамның 50 жасқа жетуі – үлкен нәрсе. Өйткені өмірде көп адам бұл жасқа жете алмайды, – деді. Содан кейін ол қазақтың белгілі адамдарын еске алды. Мысалы, ғалым Шоқан Уәлиханов 30 жасқа да толмай қайтыс болды. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров та 30 жасқа жетпеді. Ақын Төлеген Айбергенов пен Мұқағали Мақатаев та өмірден ерте өтті. – Осындай дарынды адамдар 50 жасқа жете алмады. Сондықтан өз жасыңызды бағалауыңыз керек, – деді Мамыр аға. Қария Мамыр ағаның сөздеріне ренжіді. Содан кейін купеден шығып кетті.
Ұ.Нұрғалымұлы.