This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Қарттық туралы толғаныс
A1 - Beginner · 161 words

Қарттық туралы толғаныс

Audio player
0:00 --:--
Мен қартайдым. Аяғым әлсіз. Үйден көп шықпаймын. Қолым қалтырайды. Тізем дірілдейді. Бірақ менің ойым жылдам. Көзім де жақсы көреді. Қазір мен көп нәрсені ойлаймын. Үйдемін, сондықтан өткен өмірімді еске аламын. Жастық шағымды, адамдарды, елді еске түсіремін. Кейде болашақты да ойлаймын. Бірақ болашақта мен болмаймын. Сондықтан болашақ – жастардың өмірі. Мен жастарға өз өмірім туралы айтқым келеді. Бірақ кейде қорқамын. Жастар менің сөзімді тыңдамай ма? Жастар кейде қарт адамдарға күледі. Немерелер де қарттарды мазақтайды. Мен оларға ренжімеймін. Олар жас. Мен оларға бақыт тілеймін. Менің өмірім қазір оймен өтеді. Ой үстінде қалғу болады. Қалғу – менің тұлпарым, ұйқы – менің желмаям. Түсімде алыс жерлерге барамын. Қарт адам өмірдің қадірін жақсы түсінеді. Сондықтан мен ешкімді ренжітпеймін. Барлық адамға жақсылық тілеймін. Жастарға «қарағым», «шырағым», -деп айтамын. Жастардың бәрі маған гүл сияқты. Олар бақытты болу керек. Сонда мен қуанамын. Қазақта «Бала да бір, қарт та бір» деген сөз бар. Меніңше, бұл сөзде шындық бар сияқты. Балалар болашақты көп ойлайды. Ал қарт адамдар өткен өмірін еске алады.
Б.Момышұлы https://bilim-all.kz/article/8504-Qarttyq-turaly-tolganys.