Back to adapted texts
A1 - Beginner
·
99 words
Әйтекенің тапқырлығы
Kazakh Text
Әйтекенің әкесі Бәйбек пен Қосуақ би көрші тұрады. Бір күні Қосуақ биге бірнеше би мен адам келеді. Олар бір-бірімен ұрысады. Олар мал дауын шешуге келеді. Бұрын бір-бірінен алған мал туралы да айтады. Олардың дауыстары қатты шығады. Қосуақ биді де тыңдамайды.
Осы кезде үйдің жанында бірнеше бала «Хан талапай» ойнап отырады. Балалардың бірі:
–Би біреу, қалғаны тіреу болуы керек,-дейді. Бала бұл сөзді бірнеше рет қайталайды.
Бір би:
–Мына бала не дейді? Тыңдаңдаршы!-дейді.
Балаға:
–Бұл сөзіңді кімге айттың?-деп сұрайды.
Бала:
–Керекті кісісіне арнадым,-дейді.
Сөйтіп, бала кетеді.
Билер баланың сөзін түсінеді. Олар:
–Біз сізді тыңдаймыз. Сіздің шешіміңіз дұрыс,-деп Қосуақ бидің сөзіне келіседі.
Source
Қ. Әбдезұлы Қазақ әдебиеті. Хрестоматия.