This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Әйтекенің тапқырлығы
B2 - Upper Intermediate · 171 words

Әйтекенің тапқырлығы

Audio player
0:00 --:--
Әйтекенің әкесі Бәйбек пен Қосуақ би көрші тұрған екен. Бір күні Қосуақ биге бірнеше би мен дауласушы адамдар келеді. Олар бір-бірінен алған барымтаның есебін шығара алмай, дауды ұзақ уақыт бойы шеше алмапты. Әрқайсысы өз жағын дұрыс санап, сөз таластырыпты. Даудың ушығып кеткені сонша, жиналғандар өздері жүгінуге келген Қосуақ бидің де сөзін тыңдамай дауласа береді. Сол кезде етегі түрілген киіз үйдің іргесінде, көлеңкеде бір топ бала «Хан талапай» ойнап отырады. Сол балалардың бірі: – Би біреу, қалғаны тіреу болуы керек,-деп қайта-қайта айта береді. Былай қарағанда өздерімен өздері боп ойнап отырған секілді. Бірақ әлгі бала жаңағы сөзін қайталай бергенін естіген бидің бірі: – Әй, мына бала не айтып отыр? Тыңдаңдаршы!-дейді. Бәрі баланың сөзіне құлақ түреді. Әлгі кісі: – Әй, балақай, мына сөзіңді кімге айтып отырсың?-деп сұрайды. Бала асығын тастап, кетіп бара жатып: – Керекті кісісіне айтып отырмын,-деп жауап береді. Баланың осы бір ауыз сөзі жиналғандардың бәріне ой салады. Олар дауды созып, бидің сөзін тыңдамай отырғандарын түсінеді. Сөйтіп: –Баланың аузына құдай салған шығар. Не айтсаңыз да, сізге көндік,-деп Қосуақ бидің шешіміне тоқтауға пәтуа жасайды.
Қ. Әбдезұлы Қазақ әдебиеті. Хрестоматия.