Біздің үйде үлкен сандық бар. Сандықтың ішінде көп кәмпит бар. Бірақ сандықтың аузында әрқашан қара құлып тұрады. Құлып өте ауыр және үлкен. Апам сандықты көп ашпайды.
Бір күні үйге апамның туысы баласымен келеді. Баласының аты – Жақан. Жақан менен бір-екі жас үлкен. Мен қатты қуандым. Апам шай дайындады. Сандықты ашты. Сол уақытта Жақан сандықтағы көп кәмпитті көрді.
Түстен кейін Жақан екеуіміз үйде қалдық. Жақан кәмпит жегісі келді. Ол құлыпты ашу үшін шеге сұрады. Мен келіспедім. Бірақ менің де кәмпит жегім келді. Содан кейін Жақанға шеге әкелдім. Жақан құлыпты ашты. Біз сандықтан көп кәмпит алдық. Сосын далаға шықтық.
Кешке апам бізге ұрыспады. Ол маған: - Кәмпитті сұрап жеу керек, - деді. Содан кейін сандықта құлып болмады. Сандық ашық тұрды. Бірақ мен сандықтан кәмпит алмадым. Осылай қара құлып керексіз қалды.
Source
Сайын Мұратбеков. «Жарты ғасырдың алтын қоры». – Алматы: Баур, 2007.