Біз мұғалімімізді «тәтей» деп атаймыз. Оны сыныптағы барлық бала жақсы көрді. Оның бойы аласа еді. Сондықтан үлкен кісілер оны «кішкентай қыз» деп атайды.
Бір күні тәтей сыныптағы Қанат деген баланың үйіне барды. Оған велосипед тебуді үйретті. Қанат бұл туралы бізге мақтанып айтты. Тәтей барлық баланы мақтайды. «Тәтей мені неге мақтамайды? Мені жақсы көрмей ме?» - деп ойладым. Келесі күні сабақта осыны ойладым, содан кейін ашуландым. Кенженің шашынан тарттым. Кенже ашуланды, жылады. Тәтей маған: «Оның не, Самат?» - деді. Содан кейін үй тапсырмасын сұрады. Мен жауап бермедім.
Сабақтан кейін көшеде бір сиырды көрдім. Оған жақындадым. Оны сөмкеммен ұрдым. Сиыр мені соқты.
Мен ауруханада ояндым. Қалиқа деген мейіргер мен тәтейдің дауысын естідім. Тәтей: «Самат ақылды бала еді. Неге бұлай жасады?» - деді. Содан кейін басымды қолымен ұзақ сипады.
Мен қатты қуандым. Себебі тәтей мені жақсы көрді.