This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Тәтей
A2 - Elementary · 182 words

Тәтей

Audio player
0:00 --:--
Біз барлығымыз мұғалімімізді «тәтей» деп атаймыз. Оның бойы ұзын емес. Сол себепті ауылдағы үлкен кісілер оны «кішкентай қыз» деп атайды. Сыныптағы барлық оқушы тәтейді жақсы көреді. Бір күні тәтей сыныптасым Қанаттың үйіне барады. Оған велосипед тебуді үйретеді, басынан сипайды. Қанат осының бәрін бізге мақтанып айтып береді. Содан кейін менің көңіл-күйім түседі. Себебі «Тәтей басқаларды мақтайды. Ал мені неге мақтамайды? Мені жақсы көрмей ме?» деп ойлаймын. Келесі күні сабақта осы ренішім есіме түседі. Сол кезде алдымда отырған Кенженің шашынан тартамын. Кенже жылайды. Тәтей маған ашуланып: «Оның не, Самат?» - деп сұрайды. Мен үндемей тұрамын. Тәтей үй тапсырмасын сұрайды. - Білмейсің бе? - дейді тәтей.- Білемін, бірақ айтпаймын, - деп жауап беремін. Сынып іші тыныш бола қалады. Сабақтан кейін үйге қайтамын. Жолда бір сиырды көремін. Оған жақындап, сөмкеммен ұрмақ боламын. Бірақ сиыр мені сүзіп, жерге құлатады. Көзімді ашсам, ауруханада жатамын. Қалиқа деген мейіргер мен тәтейдің дауысын естимін. Олар мен туралы сөйлесіп отырады. - Самат ақылды бала еді. Неге бұлай істегенін білмеймін, - дейді тәтей. Ол басымнан ұзақ сипайды. Мен қуанып кетемін. «Тәтей мені жақсы көреді!» деп айтқым келеді. Бірақ ұяламын да, тыныш жата беремін.
Сайын Мұратбеков.