This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Ұшқан ұя
A1 - Beginner · 92 words

Ұшқан ұя

Audio player
0:00 --:--
Менің әкемнің аты – Момыш. Мен туғанда әкем елу жаста болды. Әкем оқуды өзі үйренді және есепті де жақсы білді. Ол көп нәрсені өзі үйренді. Әкем жас кезінде ағаштан әртүрлі заттар жасады. Ол етікші де болды. Әшекей жасауды да жақсы көрді. Сондықтан зергерлікті үйреніп алды. Ол сақина және білезіктер жасады. Әкем өлең айтуды жақсы көрді. Сондықтан ол ауылдағы тойларда өлең айтты. Әкем өте көп жұмыс істеді. Біздің отбасымызда бәрі еңбек етті. Әкем орта бойлы, арық адам еді. Бірақ өте күшті болды. Оның қасы қалың, көзі үлкен еді. Әкемді ауыл адамдары өте құрметтеді.
Бауыржан Момышұлы.