This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Ұшқан ұя
A2 - Elementary · 142 words

Ұшқан ұя

Audio player
0:00 --:--
Мен туғанда әкем елу жаста болған. Әжем оны балаларының ішінде ерекше жақсы көрген. Әкем оқуды, жазуды өзі үйренген. Ол үнемі кітап оқыған және көп нәрсені өзі үйреніп алған. Есеп шығаруды да жақсы көрген. Әкем жас кезінде ағаштан түрлі заттар жасаған және етікші де болған. Ол зергерлік өнерін өте жақсы үйреніп алған. Содан кейін сақина мен білезіктер жасаған. Әкем өзі өлең шығарған және ауылдағы тойларда өлең айтқан. Ол ақындардың өлеңдерін тыңдағанды да жақсы көрген. Әкем жас кезінен отбасының және ауылдың жұмыстарына жауапты болған. Ауылдағы адамдар оған әртүрлі сұрақтармен келген, кеңес сұраған. Оны ауыл адамдары өте құрметтеген. Сондықтан шағын ауылымызды ел «Момыш ауылы» деп атап кеткен. Біздің үйде үлкен де, кіші де жұмыс істеген, отбасымыздағы барлық адам еңбек еткен. Әкем орта бойлы, арық адам болған. Алайда күші көп болған. Маңдайы кең, қасы қалың, көзі үлкен екен. Әжем оны күшіне қарап «Тарамыс» деп те атаған.
Бауыржан Момышұлы.