This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Ұшқан ұя
B2 - Upper Intermediate · 214 words

Ұшқан ұя

Audio player
0:00 --:--
Мен туғанда әкем елу жастан асып қалған кісі екен. Әжем оны балаларымның ішіндегі пысығы осы деп таныған. Әкем өз бетімен сауатын ашқан. Содан ол үнемі өзі оқып, үйренуге ұмтылған. Есеп-қисапты жақсы білген, тіпті орыс әліпбиін де баяу оқи алған. Жас кезінде ағаш ұстасы да болған, тіпті, етікші де болған. Халықтық емнен де хабары бар екен. Бірақ оның ерекше ұнатқаны зергерлік өнер болған. Біздің елде одан өткен зергер ұста болмаған. Жігіт күнінде қыз-келіншектердің көңілін табу үшін үйренген өнерін қартайған кезінде де тастамаған. Оның жасаған сақина-білезіктерін тағып жүрген кемпірлер әлі де бар. Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түскен. Ақын-жыраулардың термелері мен қиссаларын жақсы көріп тыңдаған. Имаш бабам ауылдың шаруасын басқаруды Момыш әкеме бозбала кезінде-ақ тапсырған. Ауылдағы келіндерге дейін Момыштың пікіріне жүгінген. Ағайын арасындағы алыс-беріс, көші-қон, ас-той, дау-дамай сияқты мәселелердің бәрі онсыз шешілмеген. Ол жол жүріп кетсе, ауыл адамдары оның қайтып келгенін күтетін болған. Имаш бабамның бар кезінде-ақ шағын ауылымыз «Момыш ауылы» атанған. Біздің үйдің үлкені де, кішісі де жеген нанын өз еңбегімен тапқан. Ешкімді жалдамаған, ешкімге жалданбаған. Жас кезінде әкемді әйелдер «Молда бала», кейін «Ұста бала» деп атаған. Ал әжем оны «Қара қатпа» деген. Әкем орта бойлы, арық қара кісі екен. Маңдайы жап-жазық, қасы қалың, көзі үлкен болған. Бірақ арықтығына қарамастан, керемет күшті болған. Әжем оны сол күшіне бола «Тарамыс» деп те атаған.
Бауыржан Момышұлы.