This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Есірік торғай
A1 - Beginner · 131 words

Есірік торғай

Audio player
0:00 --:--
Қыран – құстардың патшасы. Ол әр көктемде той жасайды. Тойға құстардың бәрін шақырады. Ол осы көктемде тағы той өткізуді ойлайды. Сондықтан құстардың бәріне шақыру жібереді. Той күні құстар өз тобымен келеді. Әр топтың басшылары жоғары жаққа отырады. Тойға торғайлар да келеді. Олар өз орындарына отырады. Бір торғай есік жақта отырады. Оның үстінде мамық жоқ. Ол тоңып отырады. Басқа торғайлар оны көреді. Әр торғай оған бір мамықтан береді. Содан кейін бұл торғай әдемі болады. Қыран патша әдемі торғайды көреді. Оны өз қасына шақырады. Торғай қатты қуанады. Бір уақытта ол: “Мен басқалардан әдемімін”, - деп ойлай бастайды. Ол басқа торғайлардың көмегін ұмытады. Оларға рақмет айтпайды. Басқа торғайлар бұған ренжиді. Той бітеді. Басқа торғайлар өз мамықтарын қайта алады. Содан кейін ол бұрынғыдай әдемі болмайды. Қыран патша да оған қарамай қояды. Торғай өз қатесін түсінеді.
moldir-bulak.kz (https://moldir-bulak.kz/?p=6267).